Ең суық түн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең суық түн

07.02.2019

Кеше Астанада ең суық түндердің бірі тіркелді. Ауа температурасы -37 градусқа дейін түсті. Осылайша елорда кеше әлемдегі ең суық қалалардың тізімінде 11-ші орынға жайғасты. Өткен 2 түнде 112 қызметіне 13 мың қоңырау түскен.

Жолдарды патрульдеу кезінде 62 адам, 19 техника қар құрсауынан шығарылды. Жедел жәрдем қызметіне де шақырту түсіпті. Жалпы қазір қала бойынша жағдай тұрақты, бақылауда. Дегенмен, мамандар тұрғындарға сақтық шараларын барынша сақтауға кеңес беруде.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу