Ресейдің Астрахань облысында Қазақстанның мәдени орталығы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Астрахань облысында Қазақстанның мәдени орталығы ашылады

06.02.2019

Бұл иігілікті бастама өзге елде тұрып жатқан 150 мыңнан астам қандасымызға рухани демеу беріп, ұлттық құндылықтарымыздың кеңінен насихатталуына мүмкіндік сыйлайды. Қанат қақты жобаға қос тарап бірдей қолдау білдіріп отыр. Екінші жарты жылдықта өз жұмысын бастайтын мәдени кешенге, қазақтың салт-дәстүрі, музыкасы, әдебиеті, фильмі келушілер назарына ұсынылады. Әрі, Ресейде оқып жатқан қазақстандық жастарға да арнайы бөлім қарастырылмақ.  

Абзал Талтенов, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры:

- Бұл жерде қазақша үйренем деушілерге университеттегі ұстазымызды сол жаққа жібереміз. Өзіміздің қандас бауырларға көмек жағынан да өте пайдасы зор.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу