Ерлан Нұрғалиев пен қаскөйлерден зардап шеккен әріптесі Петр Ницык «Барыс» орденімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Нұрғалиев пен қаскөйлерден зардап шеккен әріптесі Петр Ницык «Барыс» орденімен марапатталды

04.02.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев браконьерлермен күресіп, солардың қолынан қаза тапқан «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторы Ерлан Нұрғалиев пен сол күні қаскөйлерден зардап шеккен оның әріптесі, Петр Ницыкті қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Табиғат қорғаушысы, инспектор Ерлан Нұрғалиев 13 қаңтарда сирек кездесетін және құрып кету қаупi бар киіктерді қорғау кезінде браконьерлердің қолынан ауыр жарақат алып, қаза тапқан болатын. Оның өліміне кінәлі деп ұсталған күдіктілерге қатысты қазір тергеу- тексеру амалдары жүріп жатыр.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу