Үндістанда Қазақстан азаматы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда Қазақстан азаматы ұсталды

04.02.2019

Үндістан астанасы Дели қаласында жергілікті тәртіп сақшылары Қазақстан азаматын тұтқындады. Ол әуежайда жалған билетпен ұшу аймағына өтпек болып, терминалға кірер жерде ұсталған. Қауіпсіздік қызметіне ол өзінің бұл әрекетін Ташкентке ұшып бара жатқан досын шығарып салу үшін жалған билетті пайдаланғанымен түсірдіріпті. Үндістанның заңнамасы бойынша жолаушыларға терминалға тек рейске отыру үшін ғана кіруге рұқсат етіледі. Енді ол 10 мың рупий, біздің ақшамен 55 мың шамасында айыппұл төлеп, елге қайтарылады. 

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Ол 10 мың рупий көлемінеде айыппұл төлегеннен кейін Отанына жіберіледі. Қазіргі таңда Дели қаласында орналасты. Біздің консулдар барынша көмек көрсетіп жатыр. Паспорты жергілікті полицияның қолында.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу