Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде әлеуметтік нысандарды салуға несие алу қиын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде әлеуметтік нысандарды салуға несие алу қиын

04.02.2019

«Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде әлеуметтік нысандарды салу үшін банктерден несие алу өте қиын. Кепілдік болатын мүліктеріміз бола тұра, қаржы ұйымдары бізге сенімсіздікпен қарайды». Парламент Мәжілісінің депутаты Кеңес Әбсәтіровпен кездескен Шымкент қаласының кәсіпкерлері осы және өзге де кедергілер жайын сөз етті. Кәсіпкерліктің дамуына тосқауыл тағы бір қиындық, «ҚазТрансГаз» мекемесінің жұмысына байланысты. Ірі өндіріс орнын немесе шағын цехты табиғи газ желісіне қосуға рұқсат алудың машақы көп. Монополист мекеме құжат үшін кәсіперлердің табанын тоздыртады.

Кеңес Әбсәтіров, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Бәрін шешу үшін Астанада фракцияда талқылаймыз. Ойланып, содан соң өзге де өңірлердің кәсіпкерлерімен сөйлесеміз. Кейін бүгінгі айтылған пікірлерді я депутаттық сауал арқылы я жұмыс топтарында талқылаймыз.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу