Ядролық сынақтардан зардап шеккендер «міндетті медициналық сақтандырудан» босатылуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ядролық сынақтардан зардап шеккендер «міндетті медициналық сақтандырудан» босатылуы тиіс

04.02.2019

Ядролық сынақтардан зардап шеккендер «міндетті медициналық сақтандыру» сынды төлемдерден босатылуы тиіс. Қоғам белсенділері Парламентке осындай ұсыныстарын жолдаған. «Сондай-ақ, экологиялық жеңілдіктерді бөліп-жармай, радиациялық сәулелену деңгейіне қарай емес, жалпыға бірдей есептелсін», дейді. Бұл мәселелер «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына 30 жыл толуына орай өткізілген жиында айтылды.

Айта кету керек, елімізде «Семей полигонынан зардап шеккендерді оңалту» туралы заң бар. «Енді оны жетілтіріп, өзгерістер енгізетін кез келді», - дейді қоғам белсенділері. Себебі, өңір жұрты атом зардабынан әлі арылған жоқ.    

Людмила Асташкина, «Жанұя орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі:

- Менің ойымша, осы бағытта оң өзгерістер болады. Өйткені, біздің тұрғындардың денсаулығы тек өзіміздің ғана қолымызда емес, қандай оңалту жұмыстары жүргізілетіндігіне де байланысты. Өйткені, ұрпақтың бәрі емес, бірнеше буыны сол сынақтардың зардаптарын көріп келеді.  

Ержан ЖАҚЫП

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу