Жамбыл облысында жасөспірімдер қылмысы 18 пайызға азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жасөспірімдер қылмысы 18 пайызға азайды

01.02.2019

Құзырлы орган осы жедел алдын алу шараларын одан әрі күшейтпек. Бүгін облыстық Білім басқармасы, прокуратура және полиция қызметкерлері бас қосып, осы мәселені талқылады. Былтыр өңірде жасөспірімдердің қатысуымен 182 қылмыс тіркелген. Әсіресе, мектеп оқушыларының қатарластарына зәбір көрсету деректері жиілеп кетті. Мұндай қылмысты телефон камераларына түсірудің трендке айналып бара жатқаны ата-аналарды да алаңдатып отыр.

Айжамал Маманова, психолог:

- Жасөспірімдер қылмысының басым бөлігі балаларға көңіл бөлмеуден басталады. Қылмысты болған жеткіншектердің күнтәртібін қарап отырсақ, бос уақыты көп болғанын байқаймыз. Сол үшін ата-ана баланың бос уақытта немен шұғылданатынына баса назар аударуы керек.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу