Атырау көшелеріне «ақылды шамдар» орнатылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау көшелеріне «ақылды шамдар» орнатылуда

31.01.2019

Атырау көшелеріне «ақылды шамдар» орнатылып жатыр. Бұл жүйенің артықшылығы сол, жарық диоттары тәулік мезгіліне қарай автоматты түрде бір орталықтан реттеліп отырады. Әрі ол шамдар электр қуатын аз тұтынады. Нәтижесінде қала билігі былтыр 3 миллион теңге үнемдепті. Жоба биыл жалғасын тауып, жыл соңына дейін тағы 200-ден астам көшенің жарығы осындай «ақылды» шамдарға алмастырылады. Келешекте аудан орталықтары да іргелі істің игілігін көрмек. Құны 10 млрд. теңгеден асатын жоба бойынша өңірде 346 шақырым электр желісі жаңартылып, 8803 дана диодты жарық шамдарын орнату жоспарланған.

Данияр Мұқышев, Атырау облысы Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы ретінде көше шамдарын орнату Құлсары қаласында да жоспарланып отыр. Ондағы көше жарықтары шамдарының ұзындығы 86 шақырым.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу