Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы 9 ауылға таза су жеткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы 9 ауылға таза су жеткізіледі

25.01.2019

Жыл соңына дейін Аягөз, Жарма, Катон-Қарағай, Күршім, Көкпекті ауданындағы елді мекендерге су құбырларын тарту жоспарланып отыр. Бұл үшін бюджеттен 16 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Қазіргі таңда облыстағы ауылдардың 52 пайызы орталық су жүйесінен мөлдір, тұщы суды тұтынып отыр. Алдағы 6 жылда бұл көрсеткішті 100 пайызға  жеткізу көзделген. Бұл үшін ауылдардың маңындағы жерасты су қорының мөлшері анықталуда. Елді мекендерге құбыр тарту үшін жобалық-сметалық  құжаттар дайын. 

Мұрат Мұсатаев, облыстық ТҮКШ басқармасының басшысы:

- Биыл облыста 9 ауыл суға қол жеткізеді. Онда 9 мыңға жуық халық бар. Біз жалпы, 2025 жылға қарай 100 пайыз қамтитын жоспарымыз бар. 2022 жылы ауылдардың 88 проценті суға қол жеткізетін болады.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу