БҚО-да «Сарқыт» қайырымдылық шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да «Сарқыт» қайырымдылық шарасы өтті

24.01.2019

Оралда ҚХА өкілдері ежелгі «Сарқыт» дәстүрін жаңғыртты. Олар баспанасы жоқ адамдарға арналған орталыққа барып, ыстық тамақ берді. Қайырымдылық шарасына қаладағы 10-ға жуық мейрамхана қолдау көрсетті.

Бейімдеу орталығында қазір 60 адам тұрып жатыр. Түнде келіп қонушыларға тағы 25 орын қаралған. Бастама бұдан кейін «Сыбаға», «Шашу», «Көрімдік», «Ерулік», «Асар» атты шаралармен жалғасады.

Гүлжауар Нұфтығалиева:

- Бізге тамақ, киім-кешек алып келді. Рахмет құрметтегендеріңізге. Түнде келіп қонамыз.

Медғат Қамбетов, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы:

- Қаңтар айының шарасы – «Сарқыт». Бүгін баспанасы жоқ адамдарға осы жерге келіп, қаладағы мейрамхана иелері қолдау көрсетіп, таңғы аспен қамтамасыз етіп отырмыз.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу