Семейда жаңа автобустар сатып алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейда жаңа автобустар сатып алынады

24.01.2019

Семейде қоғамдық көліктердің 70 пайыздан астамы жаңаратын болды. Жергілікті әкімдік шешімімен жаңадан «Семей BUS» ЖШС құрылған. Серіктестік лизинг арқылы 170 жаңа қоғамдық көлік алмақ. Автобустар түгел жергілікті зауытта құрастырылған. Корейлік «DАEWOO» маркалы қоғамдық көліктер өңірдің климатына лайықталып жасалған. Жаңа қоғамдық көліктер алдағы жазда қала көшелерінде қызмет көрсете бастайды.

Назым Жанболатова, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

- 80-70 пайыз жаңарады. Қазіргі қызмет істеп отырған тасымалдаушы компаниялар да өздерінің парктерін жаңартуға тырысар деген ойдамын.

Ержан ЖАҚЫП

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу