Атырауда бір тәулік бойы жылусыз қалған тұрғын үйлерге жылу қайта берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда бір тәулік бойы жылусыз қалған тұрғын үйлерге жылу қайта берілді

21.01.2019

Атыраудағы Жылу электр орталығында апат болып, бүкіл қала бір тәулікке жылусыз қалды. Су жүретін магистральді құбыр желісінде 1,5 метрлік жарық пайда болған. Салдарынан, ыстық су ажыратылып, орталықтағы сорғылар өшірілген. Кейін ақау шыққан құбыр жөнделіп, қалаға жылу берілді. Алайда, жексенбіде үйлерге жылу толық келмегені анықталды. Бүгінде аталған мәселеге байланысты арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстарын жүргізуде. 

Шәкір Кейкин, қалалық ТҮКШ, Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы 

- 20 қаңтар кешкі сағат 21:00-де дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, 941 үйге жылу берілді. Балабақша, мектептер мен ауруханаларда жылу қалыпты жағдайда.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу