Инвесторлар жаңа заңды жоғары бағалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инвесторлар жаңа заңды жоғары бағалады

12.06.2014
Инвесторлар жаңа заңды жоғары бағалады
Бурабай кеңесінен соң шетелдік инвесторлар қазақтың салты мен дәстүрін арнайы құрылған этноауылдан көрді. Оларды Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастап жүрді.
 
Этноауылда ит жүгіртіп, құс салған қазақтың аңшыларын, көшпелі жұрттың қару-жарағын, баспанасымен басқа да салт-дәстүрін тануға болады. Кітаптан ғана оқығанын көзбен көрген инвесторлардың этноауылдан ерекше әсермен оралғаны анық.
 
Ал, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жасалып отырған шараларды ірі-ірі компаниялардың өкілдері жоғары бағалап отыр.
 
Жаңа тәртіп бойынша ірі инвесторларға салық жеңілдігі, жұмыс күшін тартуға қойылған шектеуді жұмсарту, жөнсіз тексерулерді тыю және қажет құжаттарды рәсімдеу ісін мейлінше жүйелеу секілді жаңалықтар енгізілген.
 
Естеріңізге сала кетелік инвестициялық климатты жақсартуды көздейтін арнайы заңға Презиздент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Бурабайда, көпшіліктің алдында қол қойды.  
 
Дэвид Оуэн, «Delloite» компаниясының басқару шаралары жөніндегі атқарушы директоры:
Мен бүгінгі ауқымды шараның сәтті өтуімен сіздерді құттықтағым келеді. Оған екі себеп бар: біріншіден экспо көрмесін өткізу туралы рұқсат алып, жалауы жеткізілді. Бұл әлемдік қауымдастықтың Қазақстанды қаншалықты бағалайтынын анық көрсетті. Үлкен жеңіс.
 
Екіншіден, қазақ жерінде түрлі салада жұмыс істеп жүрген шетелдік компаниялар бүгінгідей маңызды жиынды ждоғары бағалады. Яғни ірі компаниялар бұған дейін де инвестиция салған, болашақта да салады деп сенемін.
 
Герман Греф, «Ресей жинақ банкінің» басқарма төрағасы:
Негізі бұл заң қабылданбай-ақ Қазақстанның инвестициялық климаты тартымды болып келді. Ал, бүгін Президент қол қойған заң жұмыс істеп, онда көрсетілген жеңілдіктер нақты жүзеге асса, менің пайымдауымша Қазақстан ТМД төңірегінде алғашқы орынға шығады. Әрине, инвестициялық жағымы тұрғысынан. Мысалы заңда көрсетілген мұндай жеңілдіктердің өз басым еуропа елдерінде бар жоғын білмейді екенмін.
 
Ив-Луи Даррикаррера, «Тоталь» компаниясының вице-президенті:
Бүгін Президент мырзаның арнайы заңға қол қоюы менің ойымша Қазақстанда бизнес жүргізуге өте қолайлы және инвестициялық тартымдылыққа тың серпін беретін қадам болды. Біз әрине Президент Назарбаевтың бұл шешімін өте ризашылықпен қабылдадық.
 
Мен «Тоталь» компаниясының ғана емес, тұтас Франция іскерлерінің өкілі ретінде айтарым, Қазақстанның инвестклиматын, бизнеске қолайлылығын өте жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ, инвесторлар кеңесі Президентпен, Үкіметпен көзбе-көз отырып сөйлесіп, кеңесетін, әріптестікті тереңдететін пайдалы алаңға айналғанын айтқым келеді. 
 
 
Жайнагүл ТӨЛЕМІС

Хабарламаларға жазылу