Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астанадағы департаментінде қарапайым маман енді 300 мыңнан астам жалақы алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астанадағы департаментінде қарапайым маман енді 300 мыңнан астам жалақы алады

17.01.2019

Ғимарат жалдау шығынын мен қызметкерлер санын азайтты, жалақыны 50 пайызға арттырды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментіндегі жай маман енді 300 мыңнан астам жалақы алады. Аумақтық департамент ұжымы бұрын жылына 14 миллион теңгеге ғимарат жалдап келсе, енді агенттіктің бас ғимаратына көшкен. Жаңа қонысты басшылар мен қызметкерлер бірге отыратындай етіп ашық форматта жасақтап, қызметкерлер санын 32 пайызға қысқартқан. Ал, бірінші басшы қабылдау бөлмесінен бас тартқан. Үнемделген қаржы қызметкерлердің жалақысына биылдан бастап 50 пайыз үстемақы қосуға мүмкіндік берген.

Жазира Жылқышиева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департамент директоры:

- Егер де отыз пайызға дейін көтерген болса, күні бүгінге дейін елу пайызға көтеруге мүмкіндік береді. Мысалы, бүгін қарапайым маманның жалақысы 250 мың болса, 330 мыңға дейін көтеріледі.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу