«Даму» қоры 21 мың жобаның іске асуына сеп болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Даму» қоры 21 мың жобаның іске асуына сеп болған

11.01.2019

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» жалпы құны 470 миллиард теңгеден асатын бизнес бастамаларды қаржыландырды. Атап айтқанда, 21 мың жобаның іске асуына атсалысқан. Бүгін мекеме басшылары өткен жылғы атқарған жұмыстарына есеп берді. Айтуларынша, соңғы жылдары мемлекеттік қолдау тетіктері айтарлықтай жетілдірілген. Нәтижесінде, несие өтінімдерін қарау уақыты қысқарып, құжат жинау процесі оңтайландырылған. Жаңа жылдан бастап IT шешімдер енгізілмек. Бұл ретте, «Даму» қоры электронды үкімет порталының мүмкіншіліктерін молынан пайдалануды көздеп отыр. 

Абай Сарқұлов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы:

- Кәсіпкерлердің көпшілігі несие рәсімдеу үшін әлі де болса құжат жинау кезінде түрлі қиындықтарға тап болып жатады. Құжат түгендеу шындығында күрделі процес. Біз осыны ескере отырып, кәсіпкерлердің құжатын электронды түрде қабылдауды ұсынып отырмыз. Несие рәсімдегісі келген кәсіпкер біздің сайтқа кіріп, онлайн-өтінім қалдырады. Біз оның құжаттарын электронды үкімет қызметі арқылы түгендеп, банктердің несие сөресіне жөнелтеміз.   

Ербол МӘНДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу