Арқайым туралы фотокөрме көпшілік назарына ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арқайым туралы фотокөрме көпшілік назарына ұсынылды

11.01.2019

Ежелгі адамзат өркениетінің бір бөлігі көпшілік назарына ұсынылды. Фотокөрме «Арқайым – қалалар елі»: Кеңістік пен бейнелер» деп аталды. Расында, қола дәуірінің бірегей археологиялық ескерткіші топырақтан аршылғалы - 30 жыл. Содан бері біраз тарихи сыр ашылды. Онда Оңтүстік Орал мен үнді-еуропалық және Андрон мәдениеті болған. Сақтар да мекен еткен деген болжам бар. Себебі, жер атауларының көбі түркіше. Сонымен, көрмеде қазба жұмыстары негізіндегі ескі қала орындары, сол кездегі сәулет көрініс тапты. Тағы, 8 жылда бір рет кездесетін табиғат құбылыстарының сәтті түсірілген суреттері қойылған. Арқайым Челябі облысының оңтүстігінде орналасқан. Көрмені Ресей жаратылыстану ғылымдар академиясы мен «Арарат» халықаралық ғылым академиясы таныстырды. «Мұның орны бөлек», - дейді мамандар.  

Назерке Жақсылықова, Ұлттық музей қызметкері:

- Себебі, Арқайым қаласы бойынша дәл осы музейлер Германия, Франция жерінде ұйымдастырылған. Арқайым қаласының мәдениетімен танысу рухани жаңалық деуге болады. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу