«Nurintech» инновациялық байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nurintech» инновациялық байқауының жеңімпаздары марапатталды

10.01.2019

 «Үздік жас ғалым», «Әлеуметтік маңызды инновациялар» және «Жастардың инновациялық жобасы» аталымдары бойынша үш жоба үздік деп танылып, тұғырдан көрінгендер 1 миллион теңге сыйақыны қанжығалады. Сондай-ақ, тағы бір новатор Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне грант ұтып алды. Айта кетейік, байқау басталғалы ел аумағынан 1000-нан астам өтініш келіп түссе, тек, үздік 30 жоба іріктеуден өткен. Осымен үшінші жыл ұйымдастырылған шараға қатысқан жұмыстар «жасыл» энергетика, нано және биотехнология, өнеркәсіп, аргоинновация, IT, медицина, робототехника салаларын қамтиды. 

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Бұл жоба Елбасының тікелей тапсырмасымен ұйымдастырылып отыр. Байқаудың негізгі мақсаты – талантты, болашағы үлкен, ғылымның, инновацияның айналасында үлкен жұмыстарды жасап жүрген жастарымызды қолдау, олардың болашағын ашып беру.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу