Атырау облысындағы шалғай ауылдардың бірқатары биыл көгілдір отынмен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысындағы шалғай ауылдардың бірқатары биыл көгілдір отынмен қамтылады

09.01.2019

Аймақтағы 164 елді мекеннің 130-на толықтай газ жеткізілген. Бүгінде Ресеймен шекарада орналасқан Құрманғазы ауданына қарасты 10 ауылға көгілдір отын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Ұзындығы 365 шақырым магистральдық газ құбыры желісінің құрылысы көктемде аяқталады. Сонымен қатар, қалған ауыл-аймақ айналасы бір-екі жылда табиғи газдың игілігін көреді деп жоспарланып отыр. Осылайша, жыл соңына дейін өңір халқын газбен қамту көлемі 86 пайызға жетпек.

Асан Нұрғалиев, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Жобаның құны 10,3 млрд. теңге. Инвестор тартылып отыр. Аяқталуы 2019 жылдың сәуір айы деп күтудеміз. Бұдан басқа Қызылқоға ауданы бойынша 6 елді мекенге жоба дайындалып отыр. Қаражат бөлінген уақытта құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу