Ақтөбе қаласының сауда орындарынан пиротехникалық өнімдерді рұқсатсыз сатқандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе қаласының сауда орындарынан пиротехникалық өнімдерді рұқсатсыз сатқандар анықталды

27.12.2018

Оларға 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары мен Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері сауда нүктелеріне бір аптадан бері арнайы рейд жүргізуде. Мамандар Жаңа жыл жақындаған сайын пиротехникалық заттарды тығып сататындардың көбейетінін айтады. Соның салдарынан мереке күндері отшашу атамын деп күйіп қалып, ауруханаға түсетіндер азаймай отыр. Алайда, олардың нақты саны тіркелмеген. Дәрігерлер, әсіресе, арнайы сертификаты жоқ өнімдерге жоламауға кеңес береді.

Назым Асылханқызы, №2 қалалық емхананың дәрігері:

- Жаңа жыл қарсаңында қолын күйдіріп алған, жарақаттап алған жасөспірімдер бізге келіп жатады. Пиротехникаларды базардан алмаған жөн. Оларды сертификаттары бар дүкеннен сатып алу керек.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу