Жамбыл облысында заңсыз аң аулау азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында заңсыз аң аулау азайды

26.12.2018

Жамбыл облысында мобильдік топтардың арқасында жабайы аң-құсты ату деректері біршама  азайды. Орманшылар мен тәртіп сақшалырынан құралған экипаж заңсыз аң аулағандардың  жолын кесті.

Жайдар Маралбаевтың мобилді топқа қосылғанына екі жылдан асты. Ұшы-қиыры көрінбейтін аумақты күзету үшін қырығылық пен төзімділікті қажет. «Басынан бақайшығана дейін қаруланған  браконьерлер оңайлықпен қолға түспейді», - дейді ол. Бірақ, ерекше қорғауға алған аумақта басқа да күш құрылымдарымен бірлесе жұмыс істеу оң нәтиже беріп отырғанын айтады. Экипаж соңғы екі айда аң атпақ болған бірнеше браконьердің жолын кескен.

Жайдар Маралбаев, мобильді топ мүшесі:

- Қорық қорғаушылары, орман қорғаушылары жиі жұмыс істегендіктен, халық заңсыз аң аулаудан аяғын тартты. Бұрынғыдай емес. Бұрын түнгі уақытта прожектормен ататындар болатын. Қазір оның бәрі басылды. Табиғат болғаннан кейін өзіміздің аялап отырған жер. Ол келешекке ұрпаққа қалатын өзіміздің нәсібеміз.

Ерекше қорғалатын сексеуіл орманын мекендеген жануарлар көп. Адам аяғы баспаған тұмса табиғаттың керметіне көз тіккендер көп. Мәселен, былтыр бір топ аңшы Қызыл кітапқа енген 9 қарақұйрықты атып алғаны үшін құрылқталды. Биылдыққа мұндай өрескел заңбұзушылық тіркелмепті.

Мақсат Жаманқұлов, Мойынқұм ауданы ІІБ басшысы:

- Себебі, мобильді топтар жүр. Олар оған жол бермейді.

Жамбыл облысы аумағында аң атуға тыйым салынған 4 табиғи қорық бар. Оның екеуі – республикалық мәнде болса, қалған екеуі - жергілікті меншікте. Тексеру кезінде 6 құқықбұзушылық анықталды. Ұсталғандардан 8 қару тәркіленді.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу