Дүкенде жасаған саудасы үшін түбіртек талап еткен алматылық тұрғын автокөлік ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүкенде жасаған саудасы үшін түбіртек талап еткен алматылық тұрғын автокөлік ұтып алды

26.12.2018

Ол мұндай мүмкіндікке Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған акция аясында қол жеткізді. Акция мамырдан қараша айына дейін өткізілген. «Түбіртекті талап ет те, жүлдені ұтып ал» науқаны 2016 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Осының арқасында салық түсімі еселеп артқан. Сондай-ақ, бүгін автокөліктен бөлек, теледидар және планшет ынталандыру сыйлығы ретінде таратылды.

Арғын Қыпшақов, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

- 30 мыңға жуық адам қатысты. Мемлекеттік кірістер базасына 2,3 миллионнан астам фискальді чек келіп түсті. Оған дейін жергілікті департаменттер 300-ге жуық сыйлықты таратты. Бүгін біз басты жүлде автомобильді процедурасына қатысып отырмыз. Оны Алматы облысының тұрғыны ұтып алды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу