Алматыда «Ұлы даланың жеті қыры: прототүркіден қазақ тіліне дейін» атты жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Ұлы даланың жеті қыры: прототүркіден қазақ тіліне дейін» атты жиын өтті

26.12.2018

Алматыда «Ұлы даланың жеті қыры: прототүркіден қазақ тіліне дейін» атты халықаралық жиын өтті. Жиналғандар Елбасының мақаласы негізінде жаспарланған шаралардың іске асыру тетіктерін талқылады. Ғалымдар осы саладағы жұмысты жандандыру үшін үш жылдық бағдарламаны жүзеге асырмақшы. Мұнда бабаларымыздың тасқа басып қалдырған өсиетін жаңаша көзқараспен зерттеу көзделген. Ал, бұған белгілі ақын, қайраткер Олжас Сүлейменов жол көрсетеді. «Себебі, ол тас жазулардағы бабалар сөзін жаңаша көзқараспен ақындық биіктен әлемге алғаш әйгілеген тұлға», - дейді зерттеушілер.  

Ерден Қажыбек, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры:

- Бұл өте көкейкесті проблема. Бірақ, өкінішке қарай, күні бүгінге дейін қолға алынбаған. Өйткені, бұрынғы кезде идеологиялық тыйым болды, одан кейін заман қиын болды. Елбасының мақаласы шыққаннан кейін ғалымдар осы мәселені жоспарлы түрде қолға алып жатыр. Келесі жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты осындай үлкен бағдарламаны бастамақшы.  

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу