Амман қаласында Астана көшесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амман қаласында Астана көшесі ашылды

21.12.2018

Астанада Амман және Хусейн бен Талал атты көшелер бар. Бұл - Иордания королі мен осы елдің астанасының құрметіне аталған көшелер. Енді Иорданияның бас қаласында да Астана және Нұрсұлтан Назарбаев көшелері бар. Елбасы атына көше сегіз жыл бұрын берілсе, күні кеше тағы бір көшеге Астана атын иеленді.  

Көшенің ашылуы Астана әкмі Бақыт Сұлтановтың ресми сапары аясында өтті. Амман қаласының орталығындағы 4 жолақты ұзындығы 1,2 шақырым болатын көше енді Астана деп аталатын болды.

Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі:

- Елбасымызды құрметтеп, керемет қалаларыңыздың беделді көшелерін атағандарыңызға алғысымызды білідіреміз. Енді Қазақстан астанасының атымен аталатын көшені ашып отырмыз. Бұл оқиға жас Астананың 20 жылдығына орай ерекше сый деп білеміз.

Екі елдің, екі астананың бұған дейін де байланысы берік болды. Бұл жұмыс болашақта да дами түспек. Экономика, қаржы, мәдениет спорт саласында әріптестік артпақ.

Юсуф Әл-Шауариба, Амман қаласының мэрі:

- Біздің халықтардың арасындағы қарым-қатынас пен екі ел басшыларының арасындағы саяси достық өзгелерге үлгі. Иорданияның бас қаласында Астана атындағы көшенің ашылғаны да біз үшін үлкен құрмет.

Сапар аясында Астана әкімі иорданиялық кәсіпкерлерді бізде биыл ашылған қаржы орталығының мүмкіндігін пайдалануға да шақырды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу