Шымкентте жедел жәрдем бекеттері ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жедел жәрдем бекеттері ашылды

21.12.2018

Шымкент қаласында медициналық жедел жәрдем қызметінің жаңадан тағы үш бекеті ашылды. Олар науқастардан шақырту жиі түсетін және шаһардың шетінен кейін бой түзеген шағын аудандарда орналасқан. Әр бекетке 10 бригада бекітілген. Оның құрамында көлік жүргізушісі, дәрігер, медбике бар. Бұл жедел жәрдем қызметкерлерінің науқастарға қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартпақ. Осындай қолайлы мүмкіндіктің нәтижесінде енді сырқат жандардың шақыртуларына жедел жәрдемнің бару уақыты 4 минутқа қысқарғалы отыр. Жалпы, мегаполисте бүгінде 81 медициналық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Қажеттілікті толық өтеу үшін келер жылы олардың саны 100-ге жеткізілмек. Сондай-ақ, қызметкерлердің тәжірибесі мен біліктілігін арттыруға да айрықша мән беріліп отыр.   

Гүлжан Құрманбекова, Шымкент қалалық жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері:

- Былтырғы жылы халықаралық стандартпен 600 қызметкерімізді оқытсақ, биыл бәрін оқытуды жоспарлап отырмыз. Осы оқытудың арқасында біз биыл сәтті реанимация деген көрсеткіш яғни, клиникалық өлімде жатқан кісіні тірілту көрсеткіші былтыр 43 пайыз болса, биыл 58 пайызға жетіп отыр.  

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу