Алматыда «Сиқырлы әуендер» атты қайырымдылық киноконцерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Сиқырлы әуендер» атты қайырымдылық киноконцерті өтті

18.12.2018

Онда «Диснейдің» анимациялық фильмдерін әуенмен әрлеген атақты композиторлардың туындыларын Алматы қаласы әкімдігі эстрада-симфониялық оркестры орындап, көрермендердің көңілін бір серпілтті. Сондай-ақ, жиналғандар «Дисней» ұсынған үздік картиналардың үзінділерін үлкен экраннан тамашалады. Атап айтсақ, «Суық жүрек», «Арыстан Патша», «Су перісі», «Ару мен құбыжық», «Мулан», «Алладин» және «Пакахантос» анимациялық фильмдеріндегі үздік музыкалық туындылар жанды дауыспен сахналанды. «Мұндай игі шараның жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор», - дейді ұйымдастырушылар. 

Ханзада Есенова, Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының басшысы:

- «Сиқырлы әуен» деген жобаның бас мақсаты - біздің өсіп жатқан Тәуелсіз еліміздің болашағына арналады. Кішкентай балаларға мультфильмдердің әсер ететінін бәріміз білеміз. «Сиқырлы әуендер» бүкіл әлемге танымал. Өйткені, осы Алматыға келер алдында бұл жоба бірнеше қалада болған. Атап айтсақ, Сан-Франциско, Токио, Сидней, Лондон, Париж бен Мәскеу. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу