Жыл басынан бері елімізде 1000-нан аса мемлекеттік қызметкер жемқорлықпен ұсталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері елімізде 1000-нан аса мемлекеттік қызметкер жемқорлықпен ұсталған

13.12.2018

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова айтты. Сыбайластықпен қолға түскендердің 20-сы мемлекеттік деңгейдегі, 83-і облыстық, ал 134-і қалалық және аудандық деңгейдегі басшылар. 11 айда ұлттық бюро қызметкерлерімен 2432 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Оның 45 пайызы - жымқыру фактілері. Дегенмен, агенттік өкілдері соңғы екі жылда сыбайлас жемқорлық көріністерінің төмендеу үрдісі байқалғанын атап өтті.

Жанна Бастарова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Бұл – кешенді және жүйелі алдын алу шараларының, азаматтық қоғам мен бизнестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тартылуының нәтижесі. 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 16,7 пайызға төмендеді, 2018 жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға төмендеді.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу