Қытай билігі екі мыңнан аса қазаққа шекара асуға рұқсат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай билігі екі мыңнан аса қазаққа шекара асуға рұқсат берді

11.12.2018

Қараша айында қос азаматтық үшін темір торға тоғытылған 14 қазақстандық әлі күнге дейін Қытайдан шыға алмай отыр. Сыртқы істер министрлігі оған әртүрлі себептер кедергі келтіруде дейді. Қазіргі таңда дипломаттар бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізуде. Қазақстан елшілігі бас бостандығынан айырылған отандастарымызға көмек көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, Қытай билігі екі мыңнан аса қазаққа шекара асуға рұқсат берді. Биылғы 9 айдың өзінде көрші елдегі 2,5 мың қазақ Қытай азаматтығынан бас тартқан. 

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы:

- Қытай тарапымен дипломатиялық арналар арқылы жұмыс жүргізіп жатыр. Айта кететін жақсы жаңалық, Қытай тарапы 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу