Ақтауда коммуналдық тариф мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда коммуналдық тариф мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды

11.12.2018
Ақтауда коммуналдық тариф мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды

Оған өңірді электр энергиясы, су, газ және жылумен қамтамасыз ететін мекеме өкілдері қатысып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Сұрақтың дені коммуналдық төлемге байланысты болды. Кейбір тұрғындар жылудың, судың сапасына сын айтты. Алайда, мамандар тарифке қатысты нақты мәлімет берген жоқ. Мұндай қоғамдық қабылдаулар әр жұмада өтеді. 

Қуандық Қосжанов, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті облыстық департаментінің бас маманы:

- Электр энергиясын тарату бойынша, оның құқыққа қайшы немесе заңды екеніне байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, егер тергеу жұмыстарында құқықбұзушылық белгілері анықталған жағдайда, әкімшілік іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу