Елімізде 7 мыңнан астам сайттың жұмысына тосқауыл қойылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 7 мыңнан астам сайттың жұмысына тосқауыл қойылған

10.12.2018

Бүгін «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» ұйымдастырған конференция барысында тиісті ақпарат жария болды. Заңға сай, сырттан келетін барлық діни бағыттағы әдебиеттер қатаң сарапталады.

Соңғы екі жыл ішінде 26 мыңнан астам әдебиет орталық мамандарының сүзгісінен өткен. Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі парақшалар, әртүрлі жазба желілерде бақыланып отырады. Семинар мақсаты - дінтану сараптамасын жүргізетін мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін арттыру.

Айнұр Әбдірасылқызы, «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының» директоры:

958 әдебиетке дінтану сараптамасының теріс қорытындысы берілді. Олардың барлығы құқық қорғау органына жолданып, тиісті шаралар қаралды. Теріс қорытынды алыну себепті, осы күнге дейін 7 мыңнан астам сайтқа тосқауыл қойылды.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу