«Қазгидромет» қызметкерлері заңсыз жолмен жалақы алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазгидромет» қызметкерлері заңсыз жолмен жалақы алған

07.12.2018

Жұмысқа бармай-ақ жалақы алған. «Қазгидромет» кәсіпорынының Павлодардағы филиалы қызметкерлерінің 30 пайыздан астамы заңсыз жолмен еңбекақы алып келген. Мұны мемлекеттік ішкі аудит департаменті тексеру барысында анықтады. «Қазгидромет» мамандары жұмысқа кешігіп келу былай тұрсын, бірнеше тәулік бойы бас сұқпаған. Тіпті, шекара асып, қыдырып кеткендер бар. Осылайша, тер төгіп, бел жазбай мемлекеттің  миллиондаған қаржысын қалтаға басқан.   

Серікбай Тастембеков, Мемлекеттік ішкі аудит департаментінің бас маманы:

- «Қазгидромет» мекемесінде 150 адам жұмыс істейді. Соның арасынан 47 адам заң бұзған. Ресейде жүріп, мына жақтан ақша алып отырған. 1 млн. 137 мың теңге бүгінгі күні Үкіметке қайтарылды. Сол материалдар сыбайлас жемқорлықпен күресетін органға жіберілді.     

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу