Астанада «Рухани жаңғыру: тарихи сананы қалыптастыру» атты конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Рухани жаңғыру: тарихи сананы қалыптастыру» атты конференция өтті

07.12.2018

«Рухани жаңғыру: тарихи сананы қалыптастыру». Астанада осындай халықаралық ғылыми конференция өтті. Жаһандық жиында, қоғамдық сананың тарих ғылымы саласындағы қалыптасу аспектілері және тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттейтін ғылыми орталықтардың құрылуы мен қызметінің маңызы талқыланды.

Сондай-ақ, аталған ғылым саласының бүгінгі жағдайдағы басты даму бағыттары сөз болды. Іс-шараға Түркия, Ресей, Қытай, АҚШ, Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстаннан халықаралық дәрежедегі ғалым-сарапшылар қатысты.

Зайниддин Құрманов, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қырғызстан):

- Өзіміздің тарихымызға басқалардың көзімен қарап жатырмыз. Өйткені басқалар көп нәрсені көрмей қалады. Н.Назарбаевтың мақаласында осы мақсаттар түгел көрсетілген.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу