276 мың гектар жер игерілмей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

276 мың гектар жер игерілмей жатыр

05.12.2018

Ақмола облысында 980 мың гектар жерді тиімсіз пайдаланғаны анықталды. Олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Биыл облыста алғаш рет ғарыштық мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде 276 мың гектардың игерілмей жатқандығы дәлелденді. Қазір жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, биыл алқаптардың электронды картасы жасақталуда. Егістік алқаптардың 99 пайызы, яғни 5 миллион 683 мың гектар сандық жүйесі енгізілген. Жыл соңына дейін жайылымдық жерлер мен шабындық алқаптардың да электронды картасы жасалады. Бұл жердің тиімді пайдалануын оңай бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, картада бос жатқан жерлер, инфрақұрылым туралы ақпарат болады.   

Алмагүл Қыдыралина, облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы:

- Тиімсіз қолданылып, пайдаланбай жатқан жерлер анықталады. Келесі жылы қайта бақылау тексерісі жүргізіледі. Ал, үшінші жылы мемлекет меншігіне қайтарылады. Облыста биыл 276 мың гектар аумақ мемлекет есебіне аударылды. Бұл жер телімдері аукцион арқылы қайтадан қолданылуға беріледі.    

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу