Ақмола облысында азық-түлік бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында азық-түлік бағасы қымбаттады

04.12.2018

Ақмола облысында 2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша азық-түлік бағасы қымбаттаған. Қант құны 18 пайызға, күнбағыс майы - 16, күріш 12 пайызға жоғарылаған. Сондай-ақ, нан, сүт және ет өнімдері, жұмыртқа бағасы өскен. Қымбаттауға жанар-жағармай құнының ұлғаюы себеп болған. Жыл басынан бері дизель отынының бағасы 42 пайызға, сұйытылған газ 14 пайызға, қатты отын 5 пайызға артты. Бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлер де анықталған. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Азық-түлікті тұрғындарға арзандатылған бағамен ұсыну үшін ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі 11 айда 2-ақ рет өткізіліпті.

Жасұлан Айдрахманов, облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы:

- Бағаны ұстап тұрудың бір тәсілі - өнімдерді тауарөндірушілерден дүкендерге тікелей жеткізу. Бұл бағытта өңірдегі ірі кәсіпорындармен меморандумға қол қойылды. Әзірге тек Көкшетау қаласы бойынша ғана. Аудандар да осындай әдісті қолдау қажет. Нәтижесінде бағаны негізсіз қымбаттату деректерін жоямыз деп ойлаймын.  

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу