Ұлттық музейде кітап көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде кітап көрмесі ашылды

30.11.2018

Ол «Елім деп соққан ұлы жүрек» деп аталады. Көрме Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналады. Яғни, мұндағы кітаптар Елбасының қарапайым ауыл баласынан қазіргі Президент деңгейіне көтерілгенге дейінгі өмірін өрнектейді. Тек өмірбаяны ғана емес, маңызды шетелдік іссапарлары, келелі кездесулері, беделді ұйымдардың биік мінберлерінде тұрып сөйлеген сөздері де, осы көрмеге шоғырландырылған. Сондай-ақ, Қазақ басшысы туралы 15 тілде шыққан еңбек Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһан мойындаған әлемдік тұлға екенін айқындаса керек. Көрмеге 200-ден астам кітап қойылса, соның ішінде сиясы кеппеген жаңа шығармалар да баршылық. 

Толқын Дариш, ҚР Ұлттық музей ғылыми кітапхана секторының жетекшісі:

- «Ғасырлар тоғысында» кітабы коллекциялық кітап. Сапасы да, қорапшасы да әдемі. Осыларды балаларға көрсеткіміз келді.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу