Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы неміс тілінде жарық шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы неміс тілінде жарық шықты

30.11.2018

«Тәуелсіздік дәуірі» Гёте тілінде жарық көрді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарасаңында Берлинде Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы таныстырылды. Туындының тұсаукесері Германияның ең беделді Гумбольдт университетінде өтті. Шараға Үкімет мүшелері, Бундестаг депутаттары, кәсіпкерлер, дипломаттар мен жазушылар қатысты. Кітап Қазақстанның тәуелсіздік алған тұстан бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістерін баяндайды. Орталық Азияның көшбасшысына айналған еліміз әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үрдісіне елеулі үлес қосты. Неміс сарапшылары Президент кітабына «Қазақ тәуелсіздігінің энциклопедиясы» деген атау берді. «Тәуелсіздік дәуірі» бұған дейін Мәскеу мен Санкт-Петерборда таныстырылған еді. Кейін Лондонда ағылшын тілінде жарық көрді. Ал, келер жылы Бразилияда 270 миллион адам қолданатын португал тілінде басылады деп жоспарланып отыр.

Үмітхан Мұңалбаева, ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры:

- Елбасымыз баға жетпес еңбек сіңірген. Кітап тарихымыздың ажырамас бөлігін қамтыған, оны неміс қоғамы, неміс оқырмандары білуі керек. Өйткені, тәуелсіздігіміздің 27 жылдық тарихы жазылған. Әрбір кезеңі мұқият баяндалған төрт тарауы бар.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу