СҚО-да коммуналдық тарифтердің бағасы арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да коммуналдық тарифтердің бағасы арзандады

28.11.2018

Облыстық прокуратура тексергеннен кейін «Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы» электр энергиясын 2,7 пайызға төмендетті. Сондай-ақ, қарашаның 1-нен жылудың құны 1,1 процентке арзандады. Қазір халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқын алған. Коммуналдық саладағы қордаланған сұрақтармен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыстық департаментіне күн сайын он шақты адам арызданып келеді.  

Жандос Ермағамбетов, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

- Елбасы халыққа Жолдауында коммуналдық саладағы тарифтер мен бағаны бір жүйеге келтіріп, монополистердің арасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру бойынша тапсырма берген болатын. Осы бағытта тиісті министрлік пен оған бағынышты департаменттер ауқымды жұмыстар атқаруда. Алдағы уақытта су, жылу және электр энергиясының бағасын төмендету жалғасады. Мұны біз ел заңын негізге ала отырып жүзеге асырамыз. Азаматтардан түскен  өтініштерді бейінді органдарға жолдап, жазбаша шағым негізінде табиғи монополиялар субъектілерінде жоспардан тыс тексерістер өткізбекшіміз.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу