Мұхтар Әблязовқа үкім шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхтар Әблязовқа үкім шықты

27.11.2018

Мұxтар Әблязов өмір бойына  бас бостандығынан айырылды. Осылайша, Таразда 1,5 айға созылған сот отырысы аяқталды. Бас Прокуратура  Әблязовті банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп ресми түрде айыптады. Сол кездегі «БТА банктің» басшысы Ержан Тәтішевті Қордай ауданында  аңшылық кезінде шыны зауытының қожайыны Мұратхан Тоқмәди атып өлтіргені анықталған болатын. Ол тапсырыс үшін Мұхтар Әблязовтан 4 миллион АҚШ долларын алғанын айтып,  өз кінәсін 13 жылдан кейін мойындады. Тоқмәди осы қылмысы үшін биыл 26 қазанда 10 жыл 6 айға сотталды.  Ал,  Әблязовтың ісіне қатысты 60 куәгерден жауап алынды.  Осылайша, сот бүгін экс-банкирға сырттай үкім шығарды.  

Кенжеғали Кенжебеков, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

- Сот Мұхтар  Әблязовты ҚР Қылмыстық кодексінің 1997 жылғы редакциясындағы 28-бабының 3-бөлігі, 96-бабының 2-пункті бойынша айыпты деп танып, осы бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырды. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2017 жылдың 7 маусымында ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 4 және 6-бөлігіне сәйкес шығарған үкімі бойынша Мұхтар Әблязов 3 жылға банк ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Ал, жазасын қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ерекше қауіпсіздік мекемесінде өтесін. 

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу