Қарағандыда Бұқар жырауға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда Бұқар жырауға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

26.11.2018

Қарағандыда Бұқар жырау Қалқаманұлына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Рухани шараға Қазақстаннан өзге, Ресей, Түркия тіпті Индиядан келген ғалымдар қатысты. Бұқар бабаның өмір жолы мен шығармашылығы бүгінгі күнге дейін өз өзектілігін жойған жоқ. Тіпті өзге елдердің де сарқылмас бұлақтай болған абыздан алары көп. Биыл Бұқар жыраудың дүниеге келгеніне 350 жыл толып отыр. Бұл ғылыми жиын Қарағанды облысында жаз бойы жалғасқан шаралардың қортындысы десе де болады. Конференцияға жыраудың 7-ші ұрпағы Қабдүлсамих Айтхожин да арнайы келген. Конференцияға қатысушылар кешкілік Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрында «Көмекей әулие» спектаклін тамашалады.

Қабдүлсамих Айтхожин, Бұқар жыраудың ұрпағы:

- Менің ойымша, Бұқар бабамыздың шығармашылығы толық зерттелмеген. Бұқартану саласы әлі жоқ. Бабамыздың шығармашылығы Қазақ елінің үлкен энциклопедиясы. Одан психология, әлеуметтану, саясат, құқық және мемлекет жағынан көп айтып, жазуға болады.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу