Ақтөбеде мұнайшылар айлап жалақыларын ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мұнайшылар айлап жалақыларын ала алмай жүр

21.11.2018

Еңбек инспекциясына 15 адамнан арыз түскен. «Аска ЭКСПО центр» компаниясының маусым, шілде, тамыз айлары үшін жұмысшыларына берешегі 8 миллион теңгеден асады. Серіктестік басшылығына ескертпелер берілген. Ол орындалмаған соң, 300 мың теңге айыппұл салынған. Бірақ, компания басшылығы берешектерін өтеуге асығар емес. Облыстық еңбек инспекциясының өкілдерінің айтуынша, барлық материалдары әкімшілік сот арқылы Ішкі істер департаментіне жіберілген.

Бейсенбай Медетбаев, компания жұмысшысы:

-Білмеймін енді қайда баратынымызды. Шаршадық. Айтуын айтып болдық. «Анда бар, мында бар», дейді. Маған 920 мың теңге берулері керек.

 

Бауыржан Оразаев, облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-Барлық материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Ішкі істер департаментіне жіберілді. Біз арыз-шағымдар бойынша жұмысшыларға көмектесетінімізді айттық. Қазір 3 адам Ақтөбе қалалық сотына арызданды. Бірнеше күннен бері мен компания басшысына хабарласып жатырмын, телефоны сөндірулі. Біздің бөлім басшысы хабарласқан екен, ол: «Берешегіміз бар, бірақ төлеуге мүмкіндігіміз жоқ», деген. 

 

Жақсылық КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу