Петропавлда агава гүлдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда агава гүлдеді

21.11.2018

Жүз жылдан артық тұратын өсімдіктің бұл - ең алғашқы қауыз жаруы. Мексикалық тікенекті өсімдік Теріскейге өткен ғасырдың басында әкелінген. Содан бері қаладағы ботаникалық бақтың көркіне айналған. Мексикада агава 12 метрге дейін бойласа, Петропавлдағы өсімдіктің ұзындығы 9 метрге жеткен. Агавадан алынған жіптен арқан мен қап тоқиды. Шикізат жеңіл өнеркәсіп саласында да жиі қолданылады.  

Равиль Рязапов, агроном:

- Ең қызығы - агава тек бостандықта ғана гүлдейді. Сондықтан, бұл - біз үшін тарихи сәт. Өкінішке қарай, өсімдік осымен өсуін тоқтатады. Тек, орнында бірнеше жас өскін пайда болады. 

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу