Димаш «Qazaqstan» Ұлттық арнасының жаңажылдық түсіріліміне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш «Qazaqstan» Ұлттық арнасының жаңажылдық түсіріліміне қатысты

20.11.2018

Еліміздің мақтанышы Димаш Ұлттық арнаның жаңажылдық арнайы бағдарламасына қатысады. Екі апта бұрын мерекелік кештің түсірілімі Бурабайда өтті. Себебі, ол кезде Астанада қар болмаған. Шығармашылық топ Көкшетауға түс кезінде жетеді. Техника, камераларды орын-орындарына қойып, реттестіремін дегенше кеш батқан. Ал, далада аяз күшейеді. Соған қарамастан, Димаш еш шағымсыз, ешқандай мінез көрсетпей, бірнеше сағатқа созылған бейнетүсірілімге бастан-аяқ түсіп шықты. Бұған қоса, қосымша сұхбаты бар, жұмыс таңғы 06:00-ге дейін созылды. Тіпті, келесі күні әннің өңдеуіне де өзі қатысыпты. Ертеңінде Мәскеуде өтетін концертке өнер көрсету үшін ұшып кетті. Бұл Димаштың дара талантынан бөлек, оның еңбекқор және жауапкершілігінің жоғары екенін дәлелдейді. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу