Талдықорғанда аса ауыр қылмыс түрлерінің үлесі төмендеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда аса ауыр қылмыс түрлерінің үлесі төмендеген

20.11.2018

Алматы облысында өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда қылмыс 5,5 пайызға өскен. Дегенмен, аса ауыр қылмыс түрлерінің үлесі төмендеген. Мәселен, қарақшылық 13 пайызға, зорлық-зомбылық 22 пайызға азайған. Талдықорғанда Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы қала тұрғындары алдында есеп берді. Жетісудың бас полицейі облыс аумағында орнатылған бақылау камералары арқылы 15 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталғанын айтты. Облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріне қосымша 300 бейнекамера орнатылды. Кездесу барысында тұрғындар департамент басшысына өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Әрбір учаскелік инспектор өз аймағы бойынша халықпен кездесіп, атқарған жұмысы бойынша есеп беріп отыруға міндеттелді. 

Мұрат Ұрымханов, Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы:

- Облыс бойынша аса ауыр қылмыстар көрсеткіші төмендеді.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу