Еліміздегі театрларды бүгінгі талапқа сай түрлендіру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі театрларды бүгінгі талапқа сай түрлендіру қажет

20.11.2018

Театр өнерін дамыту үшін бірлесе жұмыс істеу керек. Белгілі өнер майталманы, еліміздің Еңбек сіңірген қайраткері Аман Құлбаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылған халықаралық конференцияда мамандар осындай ой айтты. Жиында Ресей, Грузия, Молдова, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген зерттеушілер заманауи театр өнерінің даму тетіктерін талқылады. Өйткені, театрды бүгінгі талапқа сай түрлендіру, көрермен тарту, жан-жақты актер тәрбиелеу мәселесі осы елдерге ортақ түйткіл. Сол себепті, өнер академиясының ұжымы әлемге танымал театр ұжымымен халықаралық ынтымақ туралы меморандумға қол қойды.

Асхат Маемиров, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының ректоры:

- Қазірдің өзінде келісімшарт жүргізіліп жатыр. Әсіресе, Молдовада, Германияда, Чехияда өтетін фестивальдер бар, солармен байланысымызды жолға қою керек. Себебі, халықаралық ынтымақсыз, әріптестіксіз ешқандай жоба жүзеге аспайды.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу