Кәсіпкерлікке қолдау көрсетілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлікке қолдау көрсетілуде

19.11.2018

Алматыда да кәсіпкерлерді қолдау жұмыстары тұрақты жүріп келеді. Мәселен, кәсіпкер Ринат Исмайылов жас та болса істің көзін тапқан білікті маман. Мемлекеттің көмегімен ісін өрге бастырып отыр. Бүгінде ол жетекшілік ететін мекемеде жүзге жуық адам жұмыс істейді. Осыдан жеті жыл бұрын еңбекке араласқан азамат көптеген жетістікке жетіп үлгерді. Өзі секілді жігерлі жастардың басын біріктіріп, бір арнаға тоғыстырды. 25 қызметкері бар компания денсаулық сақтау саласында өнімді еңбек етіп келеді. 

Ринат Исмайылов, кәсіпкер: 

- «BioHayat» өнімі еліміздің нарығында 7 жылдан бері сатылып келеді. Бүгінге дейін 25 мыңнан астам адам өнімнің игілігін көрген. Бұл өнім Малайзияда өндірілетін болғандықтан, халықаралық «Халал» стандартына сай. Сондықтан, тұтынушылар тарапынан оның сапасына қатысты ешқандай шағым түскен жоқ.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу