Мемлекеттік хатшының төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшының төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

15.11.2018

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Президент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырыста халықты жұмыспен қамту саласындағы заңдылықты сақтауға, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Жалпы, жұмыспен қамту бойынша қабылданған кешенді бағдарламалар еңбек нарығында тұрақтылықтың сақталуына септігін тигізді. Дегенмен, сыбайлас жемқорлық фактісімен тіркелген оқиғалар да бар. 2016 жылдан бері 194 қылмыс тіркеліп, 32 адам сотталған. Көбі бюджет қаражаты мен шағын несиелерге бөлінген қаржыны басқа мақсаттарға пайдаланумен байланысты. «Нұрлы жол» жобасын іске асыруға байланысты да көптеген заңбұзушылықтар болған. Бағдарлама басталғалы құны 48 млрд. теңге болатын заң бұзу жайттары тіркелген. Мемлекеттік хатшы өкілетті мемлекеттік органдарға анықталған мәселелерді жою бағытында нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу