Мұнай бағасы арзандап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы арзандап барады

14.11.2018

Әлемде 12  күн бойы құлдыраған мұнай нарқы аздап өсіп, шамамен 1 пайызға қымбаттады. Ал, өткен тәулікте оның WTI маркасының құны 8, 31 пайыз жоғалтып, 54 доллар 95 центке дейін төмендеді. Ал, қазан айының басында 86 долларға сатылған Brent сұрыпты мұнайдың баррелі 64 доллар 98 центке дейін құлаған.

Көмірсутегінің мұнша арзандауына сұраныстың азайып, энергетикалық шикізат өндірісінің артуы себепші.

Қарашаның 1-де мәлім болғандай, АҚШ көмірсутегі өндірісін бір жылда 20 пайызға арттырып, тіпті Ресейді басып озып, әлем бойынша бірінші орынға шықты.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу