Қарағанды облысынан Қытай еліне 20 тонна мұздатылған қой еті экспортқа жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысынан Қытай еліне 20 тонна мұздатылған қой еті экспортқа жіберілді

14.11.2018

Бұл - алғашқы партия. Жыл соңына дейін 900 тонна ет сату жоспарда бар. Сауда-саттық жуырда ғана ашылған жергілікті ет өңдеу компаниясы арқылы жүзеге аспақ. Яғни, өңірдегі шаруа қожалықтары ұсақ малды осында әкеліп, келісін 1150 теңгеден өткізеді және ол үшін әр қойға 3 мың теңгеден субсидия алады. Ал, ет өңдеу компаниясы малды семіртіп сойып, сыртқа саудалайды. Әзірге 1200 қойды Жаңарқа мен Ақтоғай аудандарының фермерлері жеткізді. Келешекте облыстағы 200 шаруа қожалығының барлығы етті осы компания арқылы экспортқа шығарады деген жоспар бар.

Серік Шайдаров, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

- Жылдың аяғына дейін бұл кісілерде 40 мың бас жіберу келісімшарттары бар. Бұл біздің шаруашылықтардың барлығына өздерінің әлеуетін үлкейтіп, қой шаруашылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Өздеріңіз білесіздер, бізде қаншама жайылым жер пайдаланылмай жатыр. Соған байланысты мемлекет жайылымдардың инфрақұрылымын жақсарту жайында үлкен бағдарлама қабылдады. Қазір осы бойынша Үкімет 2 миллиард қаражат бөліп отыр.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу