Ливанда Қазақстан туы кɵтерiледi - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливанда Қазақстан туы кɵтерiледi

13.11.2018

Бүгiн Ливанда Қазақстанның туы кɵтерiледi. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң орынбасары Талғат Мұхтаров салтанатты шараға қатысу үшiн Бейрут қаласына барды. БҰҰ-ның уақытша жасағы Ливандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мен ɵзге де бейбiт тапсырмаларды орындауға қатысады. Вице-министр сарбаздардың жағдайымен танысып, қызметтерiне сəттiлiк тiледi.

Стефан Де Коль, БҰҰ Уақытша күштерiнiң басқарушысы:

- Алдымен бiз Қазақстанға осы жұмыстарға қатысып жатқаны үшiн алғыс бiлдiремiз. БҰҰ қарарына сəйкес, Қазақстан əскерi үлкен миссияның ойдағыдай ɵтуiне үлестерiн қосуда. Барлығы жоспардағыдай болатынына мен кəмiл сенемiн.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу