Халық үшін салынатын әлеуметтік нысандар тұрғын үйлерден алшақ болмауы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық үшін салынатын әлеуметтік нысандар тұрғын үйлерден алшақ болмауы тиіс

12.11.2018

Құрылыстағы бұл қағида Астанада ерекше назарға алынған. Жаңадан қолданысқа беріліп жатқан шағын аудандарда мектеп, балабақша, аурухана сынды сан түрлі әлеуметтік мекемелер жақын маңда орналасқан.

Ербол Мәндібек, тілші:

Бұл - Кенен Әзірбаев көшесінде бой көтерген су жаңа шағын аудан. Құрылыс жоспары халыққа қолайлы етіп жасалған. Мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің іргесінде бәрі бар. Тұрғындар мектеп, балабақша іздеп алысқа сабылмайды.  

Тоғжан Жүнісова, Астана тұрғыны:

- Бәрі бар, балаларға қолайлы. Қыздарым биге, қолөнерге, ағылшын тілі курсына барады.

Астананың тек Алматы ауданы бойынша 300 мыңнан астам тұрғын бар. 400-ге тарта ауланың жартысына жуығы биыл абаттандырылыпты. Әрбір аулуға балалар үшін заман талабына сай спорттық алаңдар мен жаттығу құрылғылары орнатылуда.

Бекжан Бапышев, Алматы ауданы әкімдігі Абаттандыру бөлімінің басшысы:

- Біз әрбір ауланың аумағына спорттық алаңдар орнатуға тырысамыз. Көше тренажерлары орнатылады. Әрбір аула аумағына 12-13 данадан қойып жатырмыз.

«Астана құрылысы кезінде халыққа қолайлы жағдай жасау жағы ерекше ескерілуде. Жергілікті билік құрылысты жоспарлау барысында әлеуметтік нысандардың жақын орналасуына және қолайлы болуына ерекше мән беріп келеді»,- дейді Алматы ауданы әкімдігінің аппарат жетекшісі Мұхамедьяр Қожекенов. 

Мұхамедьяр Қожекенов, Астана қ. Алматы ауданы әкімдігінің аппарат жетекшісі:

- Қазіргі таңда Алматы ауданында 125 балабақша бар. Сонымен қоса, 30 мектеп бар. Біздің әлеуметтік нысандар тұрғындарға қолжетімді көпқабатты үйлердің ортасында орналасқан және алыс емес.

Әлеуметтік нысандардан тыс, тұрғындар бос уақытта тынығатын шағын саябақтар мен сауықтыру орындарының құрылысы жалғасуда. Елордада жыл соңына дейін халық игілігі үшін бірнеше нысан  қолданысқа беріледі деп күтілуде.

 

Ербол МӘНДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу