Оралда жарық пен жылу бағасы арзандайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда жарық пен жылу бағасы арзандайды

12.11.2018

Батыс Қазақстан облысында прокурорлардың араласуынан кейін коммуналдық төлем бағасы арзандады. Тексеру жүргізген бақылаушы орган коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің жылу мен жарықтың құнын негізсіз қымбаттатқанын анықтады.

Мәселен, «БатысҚазақстан электр тарату желісі» кәсіпорны  былтыр 72 млн. теңгеге  жуық тариф сметасын орындамаған. Енді осы соманы өтеу үшін жаңа жылдан бастап электр қуатының 1 кВт-ы 5 теңге 1 тиынға арзандайды. Сол секілді «Жайықжылуқуат» АҚ да тариф құнын 78 теңгеге дейін төмендететін болды. 

Бауыржан Ахметжан,  облыс прокурорының аға көмекшісі: 

Ақсай қаласының тұрғындары үшін жылу құны 5 452 ден 5 335 теңгеге төмендетілді. Кәсіпорын есептеуіш құрылғыларын орнатып, оның бағасын негізсіз тарифке қосқан. Осы жұмысты олардың өздері де жасай алатын.  

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу